Серпін 2050

«Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға арналған квота»

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ  «Серпін» бағдарламасы бойынша мемлекеттік грантқа түсуге шақырады.

  • Шәкіртақы төлеу қарастырылған
  • Жатақхана беріледі
  • 100% жұмысқа орналастыру
  • Абай, Шығыс-Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында жұмыспен өтеу

ҰБТ-ның ең төменгі балы 50 балл, педагогикалық мамандықтар үшін 75 балл.

Бағдарлама мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы (Алматы, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік және шығыс, батыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.

 

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЗДІК КӨПСАЛАЛЫ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ БІРІНЕ ТҮСУ МҮМКІНДІГІН ЖІБЕРІП АЛМАҢЫЗ

Қажетті құжаттар:

Түпнұсқада ұсынылады + Барлық құжаттың сканерленген (PDF) нұсқасы

1. Аттестат немесе диплом қосымшасымен (түпнұсқа)

2. ҰБТ сертификаты

3. Талапкердің басым құқыққа ие екендігін растайтын құжаттар

   (жетім балалар, І-ІІ топтағы мүгедектер)  (бар болған жағдайда)

4. Ф 075У нысанындағы флюорографиямен бірге медициналық анықтама

5. Егу картасы 063-нысан (көшірмесі)

6. 2 дана 3*4 фото және электронды нұсқасы

7. Жеке куәлік (көшірме)

8. Скоросшиватель-1

9. Конверт-1

10. Әскери комиссариатқа тіркеу куәлігі (ер балалар үшін)

 

"Серпін-2050" бағдарламасы бойынша келесі білім беру бағдарламалары бойынша грантқа түсе аласыз

БББТ КОДЫ

Білім беру бағдарламаларының тобы

Білім беру бағдарламасының коды және атауы

В001

Педагогика және психология

6В01101 Педагогика және психология

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

6В01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен əдістемесі

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

6В01501 Математика

6В01502 Математика-Информатика

В015

Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

6В01601 Тарих

В016

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

6В01701 Қазақ тілі мен əдебиеті

В018

Шет тілі мұғалімдерін даярлау

6В01705 Шетел тілі: екі шетел тілі

В057

Ақпараттық технологиялар

6В06106 - SMART жүйелер және бағдарламалау

6В06105 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету  (Smart computing)