Проект “Development of two cycle innovative curricula in microelectronic engineering (DOCMEN)”

2016 жылы Ақпараттық –коммуникациялық технологиялар факультетінің «Автоматика және есептеу техника» кафедрасы «Development of two cycle innovative curricula in microelectronic engineering (DOCMEN)» ERASMUS+ Programme — Capacity Buildingin Higher Education жобасы бойынша ғылыми зерттеулерге кірісті. Жоба еуропалық комиссиямен қаржыландырылды. Жобаның үйлестірушілері Краков техникалық университеті (Краков қ. Польша ) және Engineering Consulting and Management for Space Technologies» Орталығы (Берлин қ. Германия ).

Зерттеудің негізгі бағыты микро-және наноэлектронды технологиялар пәні бойынша инновциялық жетілдіру мен білім беру бағдарламасын модернизациялаумен  байланысты, және де бакалавриат, магистратура мен докторонтураға Болондық процесс пен озат еуропалық тәжірибеге сәйкес оқу процесіне енгізілді.

Жобаның серіктестері   Германия, Болгария, Польша, Қазақстан, Армения және Израилдің 15 жетекші ЖОО және 2 ғылыми – зерттеу ұйымдары болып табылады. Орындалу мерзімі  – 3 жыл.

2016 жылдың  18 -19 ақпанында Краков техникалық университетінде жобалау шеңберінде алғашқы конференция өтті (kick-offmeeting). Шәкәрім университеті қашықтықтан білім беру технологиялар орталығының директоры Берикханова Г.Е. және « Автоматика және есептеу техника» кафедрасының меңгерушісі Золотов А.Д. мен ұсынылды. Конференцияда барлық жоғарғы оқу орындарынан баяндамалары мен жобаны іске асырудағы жетістіктері мен мүмкіндіктері ұсынылды, зерттеудің мақсаттары мен бағдарламасы анықталды.

Жобаны іске асырудың негізгі іс –шаралары –бұл «Автоматтандыру және басқару»,           «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Техникалық физика», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша  микро-және наноэлектроника саласындағы озат білім беру бағдарламасын енгізу және талдау; жаңа әдебиеттерді әзірлеу, жариялау және қамту. Сонымен қатар жетекші Еуропалық университеттерде оқытушылардың біліктілігін жоғарылату, сондай- ақ Internet-платформа құру және Miclabs жаңа профильдік зертханасын Қазақстан, Армения және Израиль серіктестік университеттерде жобаның қаржыландыру есебі негізінде құру жоспарланған.

26 -27 мамырда CaspianUniversity ( Алматы қ.) конференция өтті, онда Еуропалық одақ және Ұлттық кеңсе ERASMUS+ ден и келген жобаның кураторларына жұмыс топтарының есебі берілді.

22-23 қаңтарда Ереванның мемлекеттік университетінде  берілген жобаға қатысушы мемлекеттер мен университетердің арасында конференция өтті, онда 10 ай мерзімінде орындалған жоспар мен университеттердің есебі талқыланып тыңдалды. Микроэлектронды инженерия  білім беру бағдарламасына жобаны енгізу және жетілдіруге бағыттау туралы пікірталас өткізілді. Жобаны ары қарай жетілдіру және оқытушыларды жетекші еуропалық Польша, Болгария және Италия университеттерінде білімдерін жетілдіру мерзімдері талқыланды.

2016 жылдың ақпанында Краков техникалық университетінің шақыруымен автоматика және электротехника кафедрасының меңгерушісі Золотов А.Д. және қашықтықтан білім беру орталығының директоры Берикханова Г.Е. Польшадағы Краков қаласына барды. Олар берілген ғылыми жобаның  конференциясына қатысты.

Жиналысқа Германия, Италия, Израиль, Армения, Қазақстан, Болгария ғалымдары қатысты.

Конференцияны Януш Микула институт жетекшісі және Краков технологиялық университетінің үйлестірушісі Кинга Корниенко ашты. Содан кейін берілген жобаның Берлиннен келген бас менеджері Арнольд Стеренхарц және Елена Иенгорн жобаның мақсаттары мен міндеттерімен таныстырды, әр жоғары оқу орнынан үйлестірушілер анықталды.

Мамыр айында Caspian University (Алматы) жобаны дайындаудың  алғашқы алты ай  мониторингі  (ЕС) ERASMUS+делегациясымен кездесу өтті.

Мониторингте Эразмус+ Қазақстанда Тасбулатова Ш.У., Ұлттық кеңсе бағдарламасының Үйлестірушілері, Эразмус+ Қазақстанда Анне Спангенмахер Ұлттық кеңсе бағдарламасының жобалаушы менеджері, эксперт Наренова М.Н және Краков техникалық университетінің үйлестірушісі Кинга Корниенко, сонымен қатар Берлин техникалық университетінен берілген жобаның бас менеджері Арнольд Стеренхарц қатысты.

Армения, ҚР, Израиль университеттерінде микроэлектроникадан  жоғары білім беруді модернизациялауды қолдау, осы салада Болон процесіне  және озат тәжірибеге сәйкес еңбек нарығындағы сұранысқа орай екі деңгейлі бағдарламаны енгізу арқылы жүргізіледі.

  • Шолу/ ағымдағы бағдарламаларды талдау /микро, нано-электроникадағы оқу жоспарларын (бакалавриат, магистратура);
  • Еуропалық кредит жүйесін (ECTS) қоса отырып, микроэлектроника саласында ағымдағы бағдарламалардың оқу жоспарын жаңарту;
  • 11 жаңа негізгі оқу жоспарлары бар пакетін әзірлеу және микро, нано-электроникада 3 аударымдық модульдерді,  өзара қарым-қатынас дағдыларын қоса отырып/  институционалдық деңгейде қабылдау/ ұлттық деңгейде аккредиттеуді;
  • Әзірлеу, жариялау, жаңа оқу құралдарын сатып алуға, анықтамалар, оқу бағдарламалары;
  • Интернет-платформа әзірлеу;
  • (Miclabs) микроэлектроника зертханасына құжаттама жиынтығын дайындау/ сатып алу/ жабдықты орнату;
  • 1 профессорды, оқытушыларды жаңа оқу бағдарламалары мен әдіснама бойынша қайта даярлау;
  • Miclabs зертханаларда жаңа оқу бағдарламалары бойынша мастер-класс өткізу;
  • Miclabs пайдалана отырып студенттерді жаңа оқу бағдарламалары бойынша пилоттық оқыту;
  • микроэлектроника (MicSO) сервистік кеңсе мекемесі/ құжаттама пакетін әзірлеу/сатып алу/жабдықты орнату;
  • Қызметкерлерді оқыту/эксплуатациялау/ MicSO желісін құру.