Шетел студенттеріне

 Оқуға түсу туралы ақпарат
 
 Студенттерді қолдау – Пайдалы ақпарат
 
 Нострификация үрдісі
 
 Визалық қолдау
 
 Келген кезде тіркелу
 
 Қазақстан Республикасының ШӘКІРТАҚЫ БАҒДАРЛАМАСЫНА қалай түсуге болады

1. Сайттағы ақпаратты оқыңыз

https://enic-kazakhstan.edu.kz/stipendialnye-programmy/operativnaya-informaciya

2. Қажетті құжаттарды ұсына отырып, порталда ТІРКЕЛІҢІЗ:

Өтініш нысанын толтыру кезінде үміткерлерге келесі құжаттардың сканерленген нұсқаларын жүктеу қажет

Бакалавриат / магистратура білім беру бағдарламалары бойынша:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (транскриптімен) (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы)
  • қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі мотивациялық эссе;
  • үміткер оқыған білім беру ұйымынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсыным хат;
  • үміткердің тұрғылықты елінің ресми Денсаулық сақтау органы берген шетелге оқуға шығатындарға арналған медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ-инфекциясы) және ЖҚТБ-ның жоқтығы туралы медициналық анықтама;
  • Қазақстан университетінен шақыру-хат (бар болса).

PhD докторантура:

  • диссертациялық зерттеу тақырыбының оқыту тілінде (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде)негіздемесі;;
  • Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат:

 ағылшын тілін меңгеру бойынша:

TOEFL ITP - 460 балдан кем емес,

TOEFL IBT - 46 балдан кем емес,

TOEFL PBT - 453 балдан кем емес,

IELTS - 5.5 кем емес;

3. Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетін таңдаңыз

4. Бейімделу әлеуетін анықтау үшін тестілеуден өтіңіз

5. Онлайн сұхбаттасуға шақыруды күтіңіз