MOOC

Оқытудың интернетке көшуі 2000-шы жылдары ашық интернет курстарының пайда болуына байланысты басталды, бұл кезде әлемге әйгілі университеттер оқытушыларының жазылған дәрістерін тегін қол жеткізу үшін жүктей бастады. Мұндай білім беру қызметтеріне сұраныс өте жоғары болды және 2008 жылы MOOC (Massive Open Online Courses;) деп аталатын білім берудің принципті жаңа әдістемесі қалыптасты.

          2021-2022 оқу жылында Шәкәрім университетінде Moodle платформасы арқылы MOOC (https://mooc.semgu.kz) құрылды, жаппай ашық онлайн курстары – бұл онлайн режимінде кең аудиторияға қолжетімді интерактивті білім беру курстары, мұнда әрбір студентке бейнелекциялар, үй тапсырмалары және тесттер жинағы қамтылған.

          Ағымдағы оқу жылында келесі пәндер бойынша 13 бейне дәріс жүктелді:

1. Қазақстан тарихы

2. История Казахстана

3. Абай әлемі. Жаңа қазақ жазуы.

4. Возрастная физиология и психология.

5. Жас ерекшелік физиологиясы және психологиясы.

6. Основы экономико-правовых экологических знаний.

7. Экономикалық-құқықтық және экономикалық білім негіздері.

8. Модуль социально – политических знаний.

9. Әлеуметтік саяси білім беру модулі.

10.Современная история Казахстана.

11. Қазақстанның қазіргі заман тарихы.

12. Философия (RU).

13. Философия (KZ).

Әрбір курс студентке ыңғайлы оқу кестесі арқылы уақыт шеңберімен шектеледі. Дәрісті кейінірек көруге болады немесе тақырып түсініксіз болса, бірнеше рет қайталауға болады.

Білім беру