Ардагерлер ұйымы

Ардагерлер кеңесінің  төрағасы:  техника ғылымдарының докторы, профессор Амирханов Құмарбек Жүнісбекұлы

Мекен-жайы:        Глинка көшесі, 20 А, бас ғимарат, 6- этаж,  602 кабинет

e-mail:                    aspirant57@mail.ru

 

 

Ұйымның негізгі мақсаты:

Университет ардагерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау арқылы ардагерлердің өмірінде туындайтын әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысу, университеттің жұмысын жетілдіруге белсенді жәрдемдесу және жас ұрпаққа  рухани- патриоттық тәрбие беруге ат салысу

Міндеттері:

  • Білім алушыларды патриоттық және кәсіптік тәрбиелеу және жас қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауға адал көзқарасын қалыптастыру мақсатында ардагерлердің  мол тәжірибесін кеңінен пайдалану;
  • Ұйым мүшелерін әлеуметтік және құқықтық қорғауды күшейту жөніндегі шараларды жүзеге асыру, оларды университет басшылығының қарауына енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу;
  • Ұйым мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық-сауықтыру және мәдени-бұқаралық жұмыстарға қатысуды ұйымдастыру;
  • Жұртшылықты өз қызметі туралы үнемі хабардар ету, ұйымның мақсаттары мен міндеттері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Ұйым мүшелері, олардың құқықтары мен міндеттері:

Ұйымның мүшелері - зейнеткерлер, оның ішінде университетте жұмыс істеуші және бұрын істеген қызметкерлер мен ардагерлер. 

Ұйым мүшелерінің құқығы:

  • ардагерлер кеңесіне сайлану және сайлау;
  • ұйым өткізетін барлық іс-шараларға қатысу;
  • университет қызметіне байланысты мәселелер бойынша Ғылыми кеңеске, КеАҚ Басқармасы мен Директорлар кеңесіне ұсыныстар енгізу;
  • ұйымның қызметіне қатысты кез келген мәселені талқылауға қатысу және ұсыныстар енгізу.

Ұйым мүшелерінің міндеттері:

  • ардагерлер туралы Ереженің талаптарын сақтау;
  • ұйымның жалпы жиналысы мен Ардагерлер кеңесінің шешімдерін орындау;
  • ұйымның қызметіне белсенді қатысу.

 

Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңы 06.05.2020 ж. № 322-VІ ҚРЗ

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ ардагерлер ұйымы туралы Ереже

 

Университет