«Археолог және палеограф» студенттік ғылыми үйірмесі

Шәкәрім Университетінің «Археолог және палеограф» үйірмесі студенттердің археология және палеография ғылымдары туралы түсініктерін тереңдетіп, өлкедегі ескерткіштер мен артефакттарды, жазба мұраны тануға деген құштарлықтарын арттыруды мақсат тұтады.

Жиналыстар мен сабақтарда Шығыс Қазақстан археологиялық ескерткіштерінің зерттелу тарихы қарастырылып, соңғы жылдарда облыс аумағында жүргізілген зерттеулер туралы деректер талданады. Палеографиялық жазба мұраны зерттеу және сақтау жолдары қарастырылады.