AP132688997 "Форс-мажорлық жағдайлардың (коронавирус) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы педагогтардың кәсіби құзыреттілігіне әсері"

Ғылыми жоба жетекшісі: Аманова Арай Кокораевна, PhD, ORCID ID - 0000-0003-0909-9089


Өзектілігі:

Қазіргі заманғы жаңартылатын білім беру жүйесі білім беру ортасын ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық аспектілерін жедел түрде жаңартып, оның жеке тұлғаның дамуына әсерін, сәйкесінше мамандардың осы ортада тиімді іс-шараларға дайындығын қамтамасыз етеді.

Білім беру практикасының нақты жағдайының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру саласындағы ғылыми зерттеулерді талдау зерттелетін проблема жаңа шындықтар аясында ерекше мәнге ие болады және ғылыми – әдістемелік қамтамасыз етуді теориялық-әдіснамалық негіздеу мен әзірлеуді басты міндеттер ретінде ұсынады деген қорытындыға әкеледі. ЖОО жағдайында болашақ мамандарды даярлау саласындағы зерттеулерді талдау қазіргі маманға білім беру кеңістігінің субъектілерімен тиімді өзара әрекеттесуге, ұжымдағы қатынастар жүйесін реттеуге, өз қызметін де, білім беру ортасына қатысушылардың қызметін де реттеуге және талдауға мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттер қажет екенін көрсетті.

Форс-мажорлық жағдайларда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру индустриясы педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға жалпы білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің ерекшелігін ескере отырып, тұлғаның мәселелері мен қиындықтарын одан әрі шешуге, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Жобаның ұлттық және халықаралық ауқымдағы маңыздылығы күтілетін нәтижелердің форс-мажорлық жағдайларда студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, оқытушылардың және ЖОО-ның басқа да қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, оларды әлеуметтік қолдауға және ЖОО ұжымдарының мүшелерін қорғауға ықпал ететіндігімен айқындалады. Алынған нәтижелердің нысаналы тұтынушылары: студенттер, магистранттар, оқытушылар және форс-мажорлық жағдайлардың әсері жағдайында ЖОО-ның басқа да қызметкерлері, сондай ақ білім беру үрдісінің басқа да субъектілері-педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдері және басқа да мүдделі тұлғалар болып табылады.


Мақсаты:

Форс-мажорлық жағдайларда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін зерделеу, сондай-ақ оқу үрдісін ұйымдастырудың оң тәжірибелерін сараптау және бөлісу.


Күтілетін нәтиже:

1. Web of Science деректер базасында Arts and Humanities Citation Index немесе Social Science Citation Index-те индекстелетін немесе Scopus деректер базасында CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала жариялау.
2. Қазақстандық "Білім"баспасында ұжымдық (постдокторанттың үлесі 6 б. п. кем емес 1 (бір) кем емес) монография жариялауды жүзеге асыру немесе рецензияланған шетелдік және (немесе) БҒСҚК ұсынған отандық басылымдарда 5 (бес) мақала жариялау.
3. Күтілетін нәтижелердің әлеуметтік-экономикалық әсері олардың қазіргі психологиялық - педагогикалық ғылымды байытуға әсер ететіндіндігін және форс-мажорлық жағдайларда педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ықпал ететіндігімен анықталады.
4. Ғылыми нәтижелер Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру жүйесінде қолданылуы педагогтердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған жұмысты жаңғыртуда қажеттілігімен айқындалады.
5. Жұмыс нәтижелерін әлеуетті пайдаланушылар, ғалымдар қоғамдастығы және қалың жұртшылық арасында зерттеу тақырыбы бойынша шыққан ғылыми мақалалар мен баяндамалар, әдістемелік ұсынымдар, ұжымдық монографияны жариялау арқылы тарату.


Қол жеткізілген нәтиже:

Жоба тақырыбы бойынша ресми құжаттар зерттелінеді және талданады. Зерттеу тақырыбы бойынша проблемалық сұрақтар анықталады. Қазақстан Республикасында да, алыс және жақын шетелдерде де форс-мажорлық жағдайларда педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамытудың алдыңғы қатарлы психологиялық-педагогикалық тәжірибесі зерттеп талдау. Бір мақала әзірленді.