AP19175164 "1920-1930 жылдардағы Кеңестік қысым саясаты нәтижесінде Моңғолияға қоныс аударған қазақтардың тағдыры және ерекшеліктері"

Ғылыми жоба жетекшісі: Токишкадиров Ботабек Бейбитбекович, - жоба жетекшісі ORCID ID 0000-0001-7402-1590


Өзектілігі:

1920-1930 жылдары Қазақ жерінде болған Кеңестік саясаттың қысымы әсерінен қазақ байлары мен шаруалары шекара асып кетуге мәжбүр болғаны белгілі. Ең көп қазақтардың легі сол уақыттарда іргелес жатқан мемлекеттерге қарай ағылды. Оның ішінде Қытай, Моңғолия, Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан және Түркия елдеріне қазақ азаматтары қоныс аударған. Олардың көшу процесінен бастап, орналасуы, сол кездегі қоныстанған елдің саяси жағдайы, қоныс аударушыларға көзқарастары, шетелдегі қазақтардың әлеуметтік және саяси тағдыры туралы ғылыми еңбектер жазылды. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап шетелдегі қазақ диаспорасы жағдайына көңіл бөлініп олардың елге оралуларына жағдай жасала бастады. Бірақ шетелдегі қазақтардың саны азаймады. Қазақ диаспорасының Моңғолия еліндегі бөлігін зерттеу. Моңғолиядағы қазақтар жайлы отандық және шетелдік зерттеушілер біраз тақырыптарды қозғағанымен, олардың көбі жиырмасыншы ғасырда емес оның алдында тарихи себептермен сол жақта қалып кеткен қазақтардың тарихына арналған. Сонымен қатар бүгінгі күні шетелдегі қазақтардың ассимиляцияға ұшырау қауіпі жоғары екені белгілі. Мысалы кейбір елдерде 1800 жылдары барған қазақтардың тек қана аты қалған. Қазақ екенін білсе де, көбі салт-дәстүрін, қай рудан тарағандарын, тілін ұмытқан. Осы үрдіс Ауғанстан, Түркия, Еуропадағы қазақтардың арасынан көп байқалады. Қытайдағы қазақтарда да мұндай қауіп бар. Ал Моңғолиядағы қазақтардың ассимиляцияға ұшырау процесі қалай жүруде? Қазіргі әлеуметтік, саяси жағдайлары қандай деңгейде? Дінаралық және этноконфессионалдық қатынастар мәселесі қандай жолға қойылғандығы бүгінгі күннің көзқарасымен жаңадан жазылуы керек. Сонымен қатар қоныс аудару процестерінің толық бейнесін жасау үшін тікелей жер аударылғандардан және сол қайғылы оқиғалардың куәгерлері болған жандардың өз аузынан осы оқиғаға байланысты мәліметтерді жинау өте маңызды, себебі жылдан жылға олардың қатары сиреп барады. Кеңестік қысым саясатының әсерінен Моңғолияға қоныс аударған қазақтардың тарихи ерекшеліктері мен бүгінгі тағдырын зерттеу. Оның ішінде ассимиляцияға ұшырау процесінің алғашқы жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі көрінісін антропологиялық шежіре түрінде жинақтау.


Мақсаты:

Қазақ диаспорасының қалыптасу мен зерттелуі және Моңғолиядағы қазақ диаспорасының қалыптасуына талдау жасау. Этникалық отанынан тысқары мекен еткен Моңғолиядағы қазақ диаспорасының саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайын, шаруашылығы мен мәдениетін, тарихи тұрғыдан сараптау.


Күтілетін нәтиже:

- рецензиялаудан өткен және кемінде екі профессор ғылыми атағының және/немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің иегерлері жариялауға ұсынған постдокторанттың үлесі 6 б. п. кем емес 1 (бір) кем емес монография;
- рецензияланған шетелдік және (немесе) БҒСҚК ұсынған отандық басылымдарда 5 (бес) мақаладан және(немесе) шолулардан кем емес
- отандық мұрағаттардан табылған деректерді ғылыми айналымға енгізу;
- жобаның зерттеу тақырыбы бойынша республикалық және халықаралық конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатысу;
- Моңғолияға қоныс аударған қазақ отбасыларынң ауызша естеліктері негізінде деректі фильм әзірлеу;
- университет базасында жобаның тақырыбы бойынша ғылыми семинар ұйымдастыру.


Қол жеткізілген нәтиже:

---


Зерттеу тобының мүшелері
  • Аты-жөні: Токишкадиров Ботабек Бейбітбекұлы

    Scopus Id: ---

    Researcher Id: ---

    ORCID: 0000-0001-7402-1590

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Байсарина Кымбат Кабидолдина

    Scopus Id: 57219892986

    Researcher Id: GYA-1951-2022

    ORCID: 0000-0002-5911-6716

    Қосымша: