- ҚР МЖМБС, ҚР БҒМ нормативтік құжаттарына, сондай-ақ университеттің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес білім беру үрдісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
- университеттің құрылымдық бөлімшелерінің (факультеттердің, кафедралардың, құрылымдық бөлімшелердің) оқу- әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
- факультеттердің, кафедралардың, академиялық комитеттердің кредиттік оқыту технологиясының талаптарын, еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын, оқу жұмыс жоспарларын, пәндерді оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді, ЖОО пәндерінің тізбесін, элективті пәндер каталогтарын әзірлеу бойынша жұмыстарын үйлестіру;
- білім алушылардың барлық жұмыс түрлерін ұйымдастыру, бақылау және әдістемелік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
- профессор-оқытушылар құрамына оқу-әдістемелік мәселелер бойынша кеңес беру;
- сапаны басқару жүйесіне қойылатын талаптардың, сондай-ақ ҚР МЖМБС талаптары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз ету (даярлау бағыттары бойынша)