- жоспарлау, есепке алу, бақылау және талдау;-
- тиісті оқу жылына университеттің кірістері мен шығындарын жыл сайын жоспарлау, университеттің жоспарлау және қаржыландыру жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлеу;
- жыл сайын университеттің әкімшілік - басқару персаналы, оқу-көмекші және қызмет көрсету персоналдарының штаттық кестесін құру, тиісті оқу жылына профессор - оқытушы құрамының тарификациялық тізімін құру;
- студенттерге, магистранттарға және докторанттарға оқу үлгеріміне сәйкес шәкірақы есептеу және төлеу;
- Университеттің республика бюджетінен бөлінетін еңбек және ақшалай қаражаттың, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражаттың дұрыс және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
- ақылы негізде оқитын білім алушылардың оқу ақысы төлемнің уақтылы түсуін есепке алу;
- бекітілген нормаларға, нормативтерге, сметаларға сәйкес материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалануға, мүліктің болуына және қозғалысына бақылауды қамтамасыз ету;
- Университеттің бухгалтерлік есеп стандарттарымен регламенттелген активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар туралы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтау;
- нормативтік құжаттарға сәйкес салықтық және статистикалық есепті жүргізу және бухгалтерлік есепті белгіленген мерзімде жоғары тұрған тиісті органдарға ұсыну.