31 наурыз 2022

36 сағаттық 2 курс аяқталды

ШҚО Үржар ауданының мектеп мұғалімдеріне 24 наурыз бен 31 наурыз аралығында Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен 36 сағаттық онлайн форматта  2 курс өткізілді.
 
➢ «Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу» курсына 39 тыңдаушы қатысты. Курс барысында тыңдаушылар   Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базасымен танысты. Инклюзивті білім беру үрдісі бойынша оқу  бағдарламаларын қысқарту, жеке оқу бағдарламаларын жасау бойынша тәжірибе алмасуды үйренді. Курсты Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Куребаева Гульнар Ахметовна өткізді.
 
➢ «Жаңартылған  білім беру мазмұны және критериалды бағалау» курсына 14 тыңдаушы қатысты. Курс барысында тыңдаушылар тек білімдерін жетілдіріп, толықтырып қана қойған жоқ, сонымен қатар олар өзара педагогикалық іс-тәжірибемен алмасып, қазіргі жалпы орта білім беруде болып жатқан үрдістерді талқылады. Курсты педагогика ғылымдарының  кандидаты,  Педагогика және психология кафедрасының  доценті Едігенова Алма Жүнісбекқызы  өткізді.
 
Тыңдаушыларға курсты аяқтағаны туралы   арнайы сертификат беріледі