05 сәуір 2022

“Жазу өнері (Эссе. Автолық өнім)” курсы аяқталды.

2022 жылдың 28 наурызы мен 04 сәуір  аралығында Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен өткен “Жазу өнері (Эссе. Авторлық өнім)” онлайн курсы өз мәресіне жетті. Курсқа Шығыс Қазақстан,  Атырау, Қызылорда, Жамбыл облыстары, Нұр-Сұлтан қаласынан барлығы 22 мұғалім мен білім алушы қатысты.
Курс барысында тыңдаушылар эссе, оның түрлерімен танысып, эссе тақырыбын ашуды, тезис қоюды, аргумент, факт келтіруді, анализ жасауды меңгерді.  
Курстың спикері Нұр-Сұлтан қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі, «Эссе жазу әдістері курсы 1» әдістемелік нұсқаулығының, «Жазылым: эссе және оның жазылу жолдары» элективті курсының авторы Бешімбаева Қалдықыз Есболатқызына курс тыңдаушылары өз ризашылықтарын білдірді. Тыңдаушылардың бұл курс барысында алған практикалық дағдылары олардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіре түскеніне сеніміміз мол. 
 Тыңдаушылар арнайы сертификатка ие болды.