21 сәуір 2022

«Күміс университет» тыңдаушылары шет тілдерін үйренуде

Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығына қарасты «Күміс университет» тыңдаушылары – зейнет жасындағы адамдар. Белсенді егде жастағы адамдарға қолдау көрсету, оларды формальді емес біліммен қамту мақсатында шет тілдік (ағылшын және түрік тілдері) курстар ұйымдастырылуда.

Курс барысында тыңдаушылар күнделікті қолданылатын тілдік бірліктерді үйретіп, сөйлеу дағдысын жақсарту бойынша әртүрлі тапсырмалар орындайды. Сабақ оффлайн режимде өтеді.

Түрік тілі курсын Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының маманы, «Қазақ тілі мен әдебиет» ББ магистранты Мубаракова Салиха Ержановна өткізсе, ағылшын тілін Шәкәрім университетінің  Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының маманы, «Шет тілдері» ББ магистранты Амангелдина Айгерім Нұрланбекқызы үйретеді.

Тыңдаушылардың алғашқы апта сабақтары бойынша пікірлері жоғары. Олардың белсенділігі мен білімге деген құштарлығы жоғары! Тыңдаушыларымызға денсаулық пен сәттілік тілейміз!