02 маусым 2022

Жазғы мектеп жұмысы жалғасуда


Бүгінгі сабақ барысы екі бағыт бойынша жүргізілді. Бірінші бөлімі  теория мен практикаға арналды. «Мультикультурализм» бағыты бойынша оқушылар мультимәдени ұжымда үйлесімді қарым-қатынас құру жолдарымен танысып, өз ойларын ағылшын тілінде жеткізді, тілдік құзыреттіліктерін дамытты. Ал «Энергетика» бағыты бойынша оқушылар электр тораптарын, жүйелерін, энергия көздерін анықтауды үйренді.
“Химиялық анализ негіздері” бағыты бойынша оқушылар зертханада судың кермектілігін комплексонометриялық әдіспен анықталуын зерттеді.

Екінші бөлімінде Семей қаласының Қарағайлы орман флорасына экскурсияға барды. Онда дәрілік және құрып бара жатқан өсімдіктермен практикалық түрде тереңірек танысып, өсімдік түрлерін ажыратуды үйренді.

Білім алушылар практикалық дағдыларын жетілдіріп, өз уақыттарын тиімді әрі белсенді өткізгеніне қуаныштымыз.