07 маусым 2022

Экскурсиялар легі жалғасуда

 

Университеттегі Жазғы мектеп-2022” оқушылары бүгін Семей қаласының Жылу электр орталығына кезекті экскурсияға барды

Экскурсия барысында оқушылар Семей қаласының ЖЭО-1 жұмысымен танысты. Қаланы жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін қазандықтар мен жылу желілерді, электрэнергиясын өндіретен турбиналық цехті өз көзімен көрді. Сонымен қатар, суды өңдеу, қатты отынды даярлау және түтін газдарын тазарту жүйелерінің жұмысымен танысты.

Оқушылардың практикалық білімдерін арттыру, бекіту мақсатында ұйымдастырылып жатқанэкскурсиялар әлі де жалғасатын болады.