08 маусым 2022

Жазғы мектептегі кезекті экскурсия

 

 

Бүгін Жазғы мектеп-2022” оқушылары Семей қаласындағы  DARIYA ” ЖШС шұжықтар цехына экскурсияға барды. 

2017 жылы шағын цехтан бастау алған кәсіпорын қазіргі уақытта қарқынды даму үстінде: жаңа жабдықтар сатып алынған, мамандар білімдерін жетілдірген, өнім ассортименті артқан. Цехтың өндірістік қуаты –  бір ауысымға 2 тонна дайын өнім.

Экскурсия барысында білім алушылар Тамақ қауіпсіздігі бағыты бойынша алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдану жолдарымен танысты. Кәсіпорындағы сабақ оқушылардың ет, шұжық өндірісі технологиясы бойынша түсініктерін қалыптастырып, бар білімдерін нақтылады, көзқарастарын дамытты.