06 қыркүйек 2022

72 сағаттық онлайн курс

Шәкәрім университетінде 2022 жылдың 26 қыркүйегінде өтетін қазақтың көрнекті жазушысы, академик Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына арналған «Мұхтар Әуезов және ұлт өркениеті» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Абай облысының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін  «Абай мен М.Әуезов шығармаларын оқыту: ізденіс және тәжірибе» тақырыбында 72 сағаттық курс тегін ұйымдастырылатынын хабарлаймыз
 
Өтетін күні: 12.09.2022-23.09.2022ж.
Өту форматы: онлайн
Қатысушылар саны: 25 адам (орын шектеулі).
 
Мақсаты - Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында бәсекеге қабілетті зияткер тұлғаны қалыптастыру мақсатында Абай мен М.Әуезов шығармаларын бүгінгі күн талабына қарай оқыту, оқытудың жолдары мен талдаудың түрлерін меңгерту.
 
Бағдарламасы:
Абайтанудың тарихы және бүгінгі жетістіктері.
Лектор: ф.ғ.к. Қабышев Т.Б.
Әуезов және әдебиеттану мәселелері.
Лектор: ф.ғ.к., профессор Тоқсамбаева А.О.
М. Әуезов және абайтану мәселелері.
Лектор: PhD Аубакирова Қ.Ә.
Абай және М.Әуезов шығармаларын оқытудың әдіс –тәсілдері.
Лектор: ф.ғ.к. Сабырбаева Р.Қ.
 
Курс соңында арнайы сертификат табыс етіледі.
Толық ақпарат: 87474592421