08 қыркүйек 2022

Назарбаев Университеті профессорының танымдық семинары

Бүгін, яғни 08.09.2022 күні Шәкәрім университеті профессор-оқытушылық құрамының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мақсатында Кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің профессоры Д.Шаматов  «Силлабус әзірлеу. Бағалау» тақырыбында онлайн форматта семинар өткізді. Семинарға университетіміздің сексенге жуық оқытушысы қатысып, Назарбаев Университетінің силлабус әзірлеу тәжірибесімен танысты, пәннің оқу нәтижесі, білім алушының білімін бағалау критерийлерін құрастыру сияқты маңызды мәлімет алды. 

ПОҚ үшін өте пайдалы да қызықты семинар өткізген НУ профессоры Д.Шаматовқа, ұйымдастырған NUGSE біліктілікті арттыру бағдарламаларының директоры Ж.А.Жонтаеваға алғыс айтамыз. 

Оқу орындары арасындағы ынтымақтастық жалғасын табатынына сенімдіміз.