30 қыркүйек 2022

«Қарттарым - асыл қазынам»

Қазіргі таңда елімізде егде жастағы тұлғалардың өмір сүру сапасын жақсарту және оларды формальді емес біліммен қамтуды арттыру мақсатында жан-жақты жұмыстар жүргізіліп, қолдау көрсетілуде. Шәкәрім университетінде осы мақсатта 2021 жылы Күміс университет ашылғаны белгілі.

Бүгін Шәкәрім университетінің атынан Кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұжымы «1 қазан – Қарттар күніне» орай өз серіктесі –  «Семей қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысып, егде жастағы тыңдаушыларын мерекелерімен құттықтады.

Күміс университет тыңдаушыларына Басқарма Төрағасы-Ректор атынан құттықтау хаттар табыс етіліп, университет студенттері тамаша әндерін тарту етті.  

Шара барысында белсенді тыңдаушылар да өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Айтулы мерекеге орай, барлық зейнет жасындағы тыңдаушыларымызды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Әрқашан жандарыңызды жақын адамдардың қамқорлығы мен сүйіспеншілігі жылытсын! Белсенді өмірлік ұстанымдарыңызбен өскелең ұрпаққа үлгі бола беріңіздер!