06 қазан 2022

Оқытушылар геоақпараттық жүйелерді оқу процесінде қолдануды меңгеруде

Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 5 қазаннан бастап университеттің ПОҚ үшін 36 сағат көлемінде офлайн режимінде "Оқу процесінде ГАЖ технологияларын функционалдық және практикалық тұрғыдан қолдану" бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары басталды.

Курстың мақсаты - ArcGis графикалық ортасын зерделеу және оны кәсіби қызметте қолдануға дағдыландыру.

Курс геологиялық, геодезиялық, картографиялық және басқа да міндеттерді шешудегі ГАЖ технологияларының нақты функциялары мен әлеуетті мүмкіндіктерін зерттеуге бағытталған.

Курсқа "Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы", "Жаратылыстану-ғылыми пәндер", "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" кафедраларының 15 оқытушысы қатысуда.

Курсты "Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы" кафедрасының оқытушысы, геодезия магистрі Құдайбергенова Дана Талғатқызы жүргізеді.

Курс аяқталған соң тыңдаушыларға сертификат табыс етіледі.