12 қазан 2022

«Кәсіптік бағдар беру қызметі: теория, практика және диагностика» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы 24.10.-4.11.2022 ж. аралығында online және offline режимінде 72 сағат көлемінде «Кәсіптік бағдар беру қызметі: теория, практика және диагностика» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.

Курс ақысы: 15 000 (он бес мың) теңге

Курсқа тапсырыс 2022 жылдың 19 қазанына дейін қабылданады.

Біліктілікті арттыру курстары қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.
 
Курстарға қабылдау үшін тыңдаушылар келесі құжаттарды ұсынуы керек:
Бекітілген үлгі бойынша өтініш (1-қосымша);
Жеке куәліктің көшірмесі;
Білім туралы дипломның көшірмесі;
Педагогтердің біліктілігін арттыру курстары тыңдаушысының сауалнамасы (2-қосымша);
Төлем туралы түбіртек.
 
Оқуға қабылдау үшін 87474154321 нөміріне қоңырау шалу арқылы тіркеуден өту қажет.

Білім жетілдіру курсын толық тыңдаған тыңдаушыға бекітілген үлгідегі сертификат беріледі.