08 қараша 2022

Шет тілдерін үйренудің жаңа мүмкіндігі

Шәкәрім университеті өз білім алушыларының шет тілдерін меңгеруіне үлкен мүмкіндік жасауда. 2022 жылдың 01 қарашасынан бастап студенттеріміз ағылшын және түрік тілдері курстарына арнайы жеңілдікпен қатыса бастады.

Курстың мақсаты – білім алушыларға шет тілдерін меңгерту арқылы сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасының аясын кеңейту, студенттердің тілдік құзыреттіліктерін жетілдіру.

63 білім алушыға тілдік деңгейлік курстарды тәжірибелі оқытушылар өткізуде.

Күтілетін нәтиже – білім алушылардың сөйлесім (оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым) дағдыларын дамыту; шет тілінде еркін де сауатты сөйлеуді, жазуды үйрену; өзге елдің мәдениеті мен тілін білу арқылы білім көкжиегін кеңейту.

Курс көлемі – 48 сағат. Сабақ дәстүрлі форматта аптасына 3 сағат 4 ай бойы жүреді.

 Тілдік курсқа толық қатысып, деңгейлік сынақтан өткен білім алушыларға бекітілген үлгідегі сертификат беріледі.