10 қараша 2022

«Патриотизм және жаһандық құзыреттіліктер» курсы

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы 21.11-03.12.2022 уақыт аралығында online және offline фоматында 72 сағаттық «Патриотизм және жаһандық құзыреттіліктер» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.⚜️

«Патриотизм және жаһандық құзыреттіліктер» курсы білім алушылардың әлемдегі өз орнын анықтау үшін қажетті құндылық бағдарын, коммуникативтік дағдыларын, этикалық нормалары мен мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал етеді.

Курстың міндеттері:
Білім алушыларды қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлерімен таныстыру
Тұлғаның тұрақты даму мәдениетін қалыптастыру
Білім алушыларда жергілікті, өңірлік, ұлттық, жаһандық оқиғалар, олардың себептері мен салдары туралы талдамалық бағалау түсінігін дамыту
Басқа адамдардың қажеттіліктері мен құқықтарына эмпатия атмосферасында тәрбиелеу
Шығармашылық оқыту дағдыларын қалыптастыру.
 
Курсқа қабылдау үшін 87474154321 нөміріне қоңырау шалу арқылы тіркеуден өту қажет.

Курсты толық тыңдаған тыңдаушыға бекітілген үлгідегі сертификат беріледі.