«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы 31.10.22-12.11.22 уақыт аралығында online және offline форматында музыка саласынан 72 сағаттық екі курс ұйымдастырды.
«Музыка мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамытудың өзекті педагогикалық технологиялары» бағдарламасы бойынша курсты педагогика ғылымдарының кандидаты Бодауова Бақтыгүл Қабидоллақызы жүргізсе, «Цифрландыру арнайы музыкалық пән сабақтарында оқушылардың ойлауын қалыптастыру құралы ретінде» курсын педагогика ғылымдарының кандидаты, «Өнер және музыка» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. Ахметова Тулеш Шугаевна өткізді.
Курстарға Қарауыл ауылының «Жәнібек Кәрменов атындағы саз мектебі» КМҚК, Семей қаласындағы «М.Төлебаев атындағы музыка училищесі» КМҚК және «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КМҚК оқытушылары белсене қатысты.
Біліктілікті арттырудың бірінші курсы барысында музыка мұғалімдерінің функционалды сауаттылығы мен кәсіби құзыреттілігін дамыту жолдары қарастырылса, екінші курс мазмұны музыка өнеріндегі цифрландыру маңыздылығы мен өзектілігіне арналды.
Курсты толық тыңдаған тыңдаушыға бекітілген үлгідегі сертификат беріледі.