«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен 21.11-28.11.2022 уақыт аралығында «Наруто» шағын орталығының базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін кіріктіріп оқытуды ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері» тақырыбында 36 сағаттық біліктілікті арттыру курсы өткізілді
Курсқа шағын орталықтың 14 тәрбиешісі қатысты.
Курс барысында мектепке дейінгі ұйымдарда 2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың дағдыларын қалыптастыру және дамыту жолдары, педагогикалық процесті ұйымдастыруда педагогтің жүргізуі міндетті құжаттарды рәсімдеу талаптары таныстырылды. Сонымен қатар тыңдаушыларға мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік, зияткерлік, әлеуметтік-эмоционалды, танымдық т.б. дағдыларын қалыптастыру мен дамыту үшін ұйымдастырылған іс-әрекеттерді кіріктіру арқылы іске асырудың маңызы түсіндіріліп, практика жүзінде арнайы ойындар мен эксперименттер көрсетілді.
Курс спикерлері: Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары Мухметова Раукен Жеңісқызы, Мухаметжанова Айым Даулетбаевна және Елеусiзкызы Меруерт.
Курсты толық тыңдаған педагогтартарға арнайы сертификат табыс етілді.