22 желтоқсан 2022

«Білім беру мекемелеріндегі әдеп және парасаттылық» семинары

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы 23.01-28.01.2023 уақыт аралығында online және offline фоматында 36 сағаттық «Білім беру мекемелеріндегі әдеп және парасаттылық» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.

Курстың мақсаты - білім беру мекемелерінде парасаттылықты, азамат келбетін қалыптастыру,   білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпақты адалдық, парасаттылық және әділдік қағидаттарына тәрбиелеу, қоғамдағы деструктивті құбылыстардан аулақ болуға баулу.

Курстың бағыттары:
Әдеп және парасаттылық ұғымдарының ара қатынасы.
Жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру жолдары.
Адамгершілік нормалары.
Қауіпсіз білім беру ортаны құру.
Академиялық адалдық.
Заңдылық пен әдепті сақтау.
Тұлғааралық құқықтық қатынастарды қалыптастыру.
 
Рефлексия:
Эссе «Әдептіліктен парасаттылықтың айырмашылығы неде?»
Курс тақырыптары бойынша тестілеу;
Біліктілікті арттыру курсына қанағаттану бойынша сауалнама.
 
Курсқа қабылдау үшін 87474154321 нөміріне қоңырау шалу арқылы тіркеуден өту қажет.
Курсты толық тыңдаған тыңдаушыға бекітілген үлгідегі сертификат беріледі.