Шет тілін білу – қажеттілік
ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның дәуірі. Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Бірнеше тілді меңгеру арқылы жас ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғап, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік алады.
Осы орайда Шәкәрім университетінде 03.11.2022-17.02.2023 уақыт аралығында өз білім алушыларына арналған 48 сағаттық ағылшын және түрік тілдері курстары офлайн форматта 30 пайыздық жеңілдікпен ұйымдастырылды.
Intermediate, Pre-intermediate және Elementary деңгейін қамтыған ағылшын тілі және түрік тілінің (А1) деңгейлік курсының мақсаты – білім алушылардың тілдік құзыреттіліктерін дамыту; білім алушылардың сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаларымен шет мемлекеттерге шығып, тәжірибе жинақтауларына мүмкіндік беру.
Курс соныңда тыңдаушылар қорытынды тест тапсырып, бекітілген үлгідегі арнайы сертификатпен марапатталды.