29 қыркүйек 2023

Қарттар күні мерекесі құтты болсын!

Қарттар күні мерекесі құтты болсын!

Ақ батасын беретін,

Маржан сөзді теретін.

Қазыналы қарт барда,

Шырайлы атар таңымыз.

Қазынамыз бағалы,

Сөздері бар даналы.

Аман болсын қартымыз,

Жол бастайтын саналы.

Абай облысының «Семей қаласының № 3 Арнаулы әлеуметтік  қызмет көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ 2023 жылдың 29 қыркүйегінде өз қамқорлығындағылар үшін «Қарттар күніне» арналған іс-шара  ұйымдастырды.

Аталған іс-шараға «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ өкілдері шақырылды, олар басқарма төрағасы-ректор Д.Орынбековтың атынан іс-шараға қатысушыларды мерекемен  құттықтап, мерекелік торт ұсынды. Сондай-ақ, Орталық басшылығына жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс хат табыс етілді.