15 қыркүйек 2023

Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының аясында құрылған «Күміс университет» жобасы өз жұмысын жалғастыруда

Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы аясында құрылған «Күміс университет» жобасы өз жұмысын жалғастыруда. Бүгінгі таңда Шәкәрім университеті мен Абай облысы Семей қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының келісім шарт жасасу негізінде тыңдаушыларға қазақ, түрік, ағылшын тілдері, қаржылық сауаттылық және психологиялық саулық бойынша білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда. 
2023 жылдың 11 қыркүйегінен бастап 6 қазанға дейін, егде жастағы тұлғаларды қолдау үшін кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында тыңдаушыларға «Қаржылық сауаттылық» және «Бала және немерелер қарым-қатынасындағы психология» тақырыптарында курстар жүргізілдуде. Аталмыш курстарға тыңдаушылардың қызығушылығы артып, өтініш беру жалғасуда.