03 қараша 2023

ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНА АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ТЕГІН КУРСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шәкәрім университетінде профессорлық-оқытушылар құрамына ағылшын тілінен тегін курстар жүргізілуде.

Курсты «Шет тілдер» кафедрасының оқытушысы Айжан Оспанова жүргізеді.

Оқытушылардың кәсіби құзыретін дамытуға бағытталған курстар аптасына 4 сағатты қамтиды және келер жылдың наурыз айына дейін жалғасады.

Айта кету керек, Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді.