01 қараша 2023

"КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ" ЖОБАСЫ ТЫҢДАУШЫЛРЫНА "ҮШІНШІ ЖАС" КЕШЕНДІ КУРСЫ ӨТУДЕ

Шәкәрім университеті 2021 жылдан бастап "Күміс университет" жобасын табысты жүзеге асыруда.

"Күміс университет" жобасының  міндеті - қарт адамдардың қазіргі өмірге сәтті бейімделуіне, өзін-өзі жетілдіруіне қолайлы жағдай жасау, өмірлік белсенділікті ұзартуға және қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге көмектесу болып табылады.

Сол орайда 1 қарашадан бастап 50+ аудитория үшін арнайы жасалған фитнес, йога және биден тұратын "Үшінші жас" тегін курсы өтуде.