20 қараша 2023

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «МАМАНДЫҒЫМ-БОЛАШАҒЫМ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«Мамандығым – болашағым» жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қабылданған «Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда.

Оның негізгі мақсаты – аймақтағы еңбек нарығындағы өзгерістерді болжау және оқушыларға ерте кәсіптік бағдар беру.

Абай облысы - жоба басталған 13-ші аймақ.

Тренинг нәтижелері бойынша ЖОО қызметкерлері аймақтық жобалық кеңсе командасына қосылып, Абай облысының кадр қажеттілігінің өңірлік картасын жасауға бағытталған аймақтағы негізгі сала мамандарының қатысуымен форсайттық зерттеу жүргізді.