13 желтоқсан 2023

"ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ӘЗІРЛЕУ" АТТЫ КУРС АЯҚТАЛДЫ

Семей қаласы Шәкәрім атындағы  университетінде “Цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу” атты 72 сағаттық курсы 20 қазан мен 13 желтоқсан аралығында ұйымдастырылды. Цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу тиімділігін көрсетуге негізделген курсқа университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. Физика-математика ғылымдары және информатика кафедрасының аға оқытушысы Рахматуллина Зарина Талғатқызының жетекшілігімен курс барысында түрлі тың идеялар жеке жоба ретінде қорғалды. Сонымен қатар, курсқа қатысушылар жаңа кәсіби дағдыларды игере отырып Хасенова К.Е., Зенкович К.У. авторлық құқық сертификаттарына ие болды.  Курс соңында қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.