12 қаңтар 2024

АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН КУРС АЯҚТАЛДЫ

2023 жылдың қазан айынан бастап желтоқсан айының соңына дейін Абай облысының лингвистикалық орталығымен қоса Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асыру мақсатында үш тілді меңгеруге ниет білдірген университеттің профессорлық – педагогикалық құрамына ағылшын тілінен тегін курстар ұйымдастырылып өткізілді.