30 қыркүйек 2021

"ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыруды бағалаудың жаңа критерийлері. Табысқа жету үшін серіктестік іздеу" атты дөңгелек үстел

Мансап және жұмысқа орналастыру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 30 қыркүйегінде «ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыруды бағалаудың жаңа критерийлері. Табысқа жету үшін серіктестік іздеу» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның өткен орны инженерлік-технологиялық факультеті, «Тағам өндірісінің технологиясы және биотехнология» кафедрасы болды.

Дөңгелек үстел жұмысына «Багратион» ЖШС, «Dariya» шұжық цехының, «Kondiz» ЖШС,  «КазЭлектроМаш» ЖШС кәсіпорындарының (ұйымдарының) өкілдері, инженерлік – технологиялық факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері, сондай-ақ университеттің мансап және жұмысқа орналастыру бөлімінің қызметкерлері қатысты.

 «Тамақ өндірісі технологиясы және биотехнология» кафедрасының меңгерушісі Какимова Ж.Х. карантин кезеңінде және карантин кезеңінен кейін түлектерді жұмысқа орналастыру тәжірибесімен және мәселелерімен бөлісті. ҰКП «Атамекен» бағалау критерийлерімен таныстырды.

Мансап және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы С.С.Саликжанова түлектерді еңбек нарығына шығуға дайындау бойынша іс-шаралар кешені туралы айтып берді.

«Багратион» ЖШС, «Dariya» шұжық цехының, «Kondiz» ЖШС, «КазЭлектроМаш» ЖШС кәсіпорындарының (ұйымдарының) өкілдері қатысушыларды өз кәсіпорындарының (ұйымдарының) қызметімен және жұмысқа қабылдау кезінде жас мамандарға қойылатын талап етілетін бағалау критерийлерімен таныстырды және олардың кәсіпорындарында (ұйымдарында) өндірістік практикадан және дуальді оқытудан өту арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігін ұсынды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар соңында келесі қорытынды жасады:

1. Шектес мамандық (дуалды оқыту) алу қажеттілігі мәселесі бойынша бітіруші курстардың білім алушыларымен түсіндіру және уәждеу жұмыстарын күшейту.

2. Түлектерді еңбек нарығында сұранысқа ие болу үшін түлектер меңгеретін  мамандықтың маңыздылығы туралы бітіртуші кафедраларда жұмысқа орналастыруға жауаптылардың, ПОҚ-тың жұмысын түзету және жандандыру.

3. Кәсіпорындарда (ұйымдарда) түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс берушілермен серіктестік қатынастарды дамыту үшін іс-тәжірибе базаларының ауқымын кеңейту.