09 желтоқсан 2021

«Болашақ жастардың қолында» атты кездесу

2021 жылдың 9 желтоқсанында ББҮҰД мансап және жұмысқа орналастыру бөлімінің жоспарына сәйкес жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасында бітіруші курс білім алушылары үшін «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен «Болашақ жастардың қолында» атты кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты: «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің жетістіктерін дәріптеу, университет білім алушыларын патриоттық сезімге баулу және тәрбие беру.

Кездесу барысында мақсатқа сәйкес презентация көрсетіліп, кері байланыста білім алушылар «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу мүмкіндігі және оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу туралы сұрақтар қойды. Кездесуге «Болашақ» бағдарламасының түлектері Ж.Т.Мукаев, У.Б.Тлемисов, «Mevlana» бағдарламасының түлегі А.М.Рахимжанова шақырылды, олар қазіргі уақытта біздің университеттің жетекші оқытушылары болып табылады.

Іс-шара қонақтары өз тәжірибелерімен, қызықты оқиғаларымен бөлісті және ерекше тәрбиелік іс-шара өткізді. Өткізілген іс-шара өз мақсатына жетті.