10 желтоқсан 2021

Кафедралардағы іс-тәжірибе бойынша жауапты тұлғаларға арналған семинар

2021 жылдың 10 желтоқсанында ББҮҰД мансап және жұмысқа орналастыру бөлімімен іс-тәжірибе бойынша жауапты кафедраларда университеттің қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері Б.Ж. Кеңесбаевпен «Білім алушыларды іс-тәжірибе орындарына (базаларына) жіберу кезінде қауіпсіздік техникасы жөніндегі кіріспе нұсқама» тақырыбында семинар өткізілді.

Кіріспе нұсқаманы өткізудің мақсаты-білім алушылардың кәсіптік іс-тәжірибе өту кезінде еңбек қауіпсіздігі, жеке қауіпсіздігі және айналасындағылардың қауіпсіздігі мәселелеріне саналы және жауапты көзқарасын қалыптастыру.

Семинарды өткізу барысында кафедралардағы тәжірибе бойынша жауаптылар университеттің қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері Б.Ж. Кеңесбаевтан өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.