03 желтоқсан 2021

«Біз таңдаймыз, бізді таңдайды» тақырыбында жұмыс берушілермен кездесу

2021 жылдың 3 желтоқсанында ББҮҰД мансап және жұмысқа орналастыру бөлімінің жоспарына сәйкес «Геодезия және құрылыс», «Автоматика және ақпараттық технологиялар» кафедраларымен бірлесіп жоғарыда аталған кафедралардың бітіруші курс білім алушылары үшін «GeoID» ЖШС, «Семстройпроект» ЖШС, «Фирма Азия» ЖШС, «Ломбард Алка» ЖШС, «Imas GROUP» ЖШС, «Партнер Энерго LTD» ЖШС, «СпецМонтажПроект» ЖШС, «Казполиграф» ЖШС кәсіпорындардың (ұйымдардың, фирмалардың) өкілдерімен «Біз таңдаймыз, бізді таңдайды» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты білім алушыларды кәсіпорындардың (ұйымдардың, фирмалардың) инновациялық тәжірибесімен және өндірістік технологияларымен, сондай-ақ потенциалды жұмыс берушілермен таныстыру болды.

Шақырылған жұмыс берушілер ұсынған презентацияларында өздерінің жоспарлары, жас мамандарға қойылатын талаптар, жұмысқа орналасу перспективалары мен мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Білім алушылар кәсіпорындардың (ұйымдардың, фирмалардың) мамандарымен кеңесіп, оларды болашақта жұмысқа орналасу мәселелерін білу мақсатында ерекше белсенділік танытты.