02 ақпан 2024

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚПЕН БІЛІМ АЛУҒА НИЕТ БІЛДІРГЕН СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ТЕГІН КУРС БАСТАЛДЫ

2 ақпаннан бастап оқу жылының соңына дейін 6B08303 «Орман ресурстары және аңшылықтану», 6В09103 «Ветеринария» білім беру бағдарламаларының шет елдерде академиялық ұтқырлықпен білім алуға ниет білдірген студенттерге қолдау көрсету мақсатында ағылшын тілінен тегін курс ұйымдастырылды. Курсты Абай облысының лингвистикалық орталығының маманы Нұржанов Абай Нұржанұлы өткізуде.