29 қыркүйек 2021

Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының Ашық есік күні!

Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы Ашық есік күнін өткізді, оған факультет декандары, кафедра меңгерушілері, менторлар мен ББ менеджерлері қатысты.
Кездесу барысында орталық басшысы псх.ғ.к., профессор Ш.С. Сатиева 2021-2022 оқу жылына арналған Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының негізгі міндеттері мен бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ біліктілікті арттыру курстарын өткізетін менторлардың (жаттықтырушылардың) бағыттары мен жұмыс түрлері талқыланды.