11 маусым 2021

Қазақ тілін оқытудың көпдеңгейлі курстары»

әкәрім университеті кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында 2021 жылдың 10 маусымынан бастап «Қазақ тілін оқытудың көпдеңгейлі курстары» бағдарламасы бойынша оқыту басталды.
«Қазақ тілі: А1 деңгейі» курсының тыңдаушысы – Түркия Республикасы Дін істері жөніндегі басқармасының Стамбул қаласындағы мүфти Күчүкчекмедже кеңсесінің мұғалімі Хырабашоғлу Ясемин.
Курсты «Қазақ филологиясы және журналистика» оқу кафедрасының аға оқытушысы, Түркия Республикасы, Денизли қаласы, Памуккале университетінің «Түрік тілі және әдебиеті» мамандығының PhD докторанты Түрікпенова Айгүл Жұманқызы жүргізеді.