26 қараша 2021

Инвестиция - профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру құралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу  орталығы 2021 жылғы 26 қаңтардағы №12/ГЗ мемлекеттік  тапсырманы орындау шарты мен жылдық жоспарына сәйкес 2021 жылғы 18-22 қазан аралығында жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамына «Педагогикалық өлшеулер әдістемесінің негіздері» тақырыбында біліктілікті  арттыру курсын өткізуді жоспарлап, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ -ты таңдағанына қуаныштымыз.

Біздің университетіміз де, осы  бағдарламаға сай корпоративтік оқытудың яғни hard & soft skills құзіреттілігі  профессор-оқытушылар құрамының кәсіби және жеке дағдыларын арттыруға бағытталған іс-шаралар кешеніне толықтай қосылды.  «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» профессорлық-оқытушылық құрамы үшін Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері «Педагогикалық өлшеулер әдістемесінің негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын офлайн режимінде өткізді.