"Қаракөз" студент-жастар театры

Театр – мәдениет ошағы. Сан түрлі өнердің ішінде театр мәдениетінің, театр өнерінің алатын орны ерекше. Тарихы тереңде келе жатқан «Қаракөз» студент-жастар театрының ең бірінші мақсаты: сахнаға, өнерге қызығатын студенттерден бір мәдени орта құрау. Сол орта арқылы оларды тәрбиелеу. Студенттер бойына сахнаның не екенін, сахна тілі, сахна мәдениеті, әртістік қабілет сынды ұғымдарды қалыптастырамыз. Студенттік өмір болғандықтан, жақсы орта мен жақсы достар табу өте маңызды. Сол мақсатта да, өнерге қызығушылығы бар студенттермен болашақта тығыз жұмыс жасаймыз.

Фотогалерея

  • Ұйым басшысы: Ахметбеков Бекжан
  • Телефон:+7(778)154-32-40
  • qarakoz_theatre