Қазақстан студенттер альянсы

Ұйым 2005 жылы құрылған.

Ұраны: Альянс-бұл біздер, белсенді студенттер. Қазақстан, Қазақстан, Қазақстан-бұл біздер!

Қазақстан студенттерінің Альянсы студенттердің әлеуметтік және мәдени дамуы саласында жұмыс істейтің және студенттердің мүдделерін қорғаумен айналысатын үлкен ұйым. Қазақстан Республикасы студент жастарының зияткерлік, шығармашылық, рухани, инновациялық әлеуетін тиімді іске асыру үшін жағдайлар жасау үшін жұмыс атқарады. "Қазақстан студенттер Альянсы" Республикалық студенттік қозғалысының басты мақсаты студент жастардың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық мәселелерін шынымен шешетін және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына белсенді қатысатын ұйым ретінде қоғамдық бірегейлігін құру. Біздің ұйымда салауатты өмір салтын қолдайтын және саяси, әлеуметтік, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысатын көптеген жас, шығармашылық, креативті, ерекше тұлғалар бар.

Фотогалерея

  • Ұйым басшысы: Тұрсынғалиев Әділет Мәдениетұлы
  • Телефон:+7(778)080-09-42
  • shakarim_ask