"AMANAT" партиясының жанындағы "Jastar ruhy" Жастар қанаты ұйымы

Жастар рухы - "Amanat" партиясы жанындағы "Jastar ruhy" Жастар қанаты қоғамдық бірлестігі. 2008 жылғы 14 мамырда Астана қаласында «Жас Отан» ЖҚ Ы Съезінде қоғамдық бірлестік тұлғасында құрылған.

Ұраны: "Жастар Отанға, Жастар рухы алға"

Жастар рухы ұйымының мақсаты Қазақстан республикасының жастарын жаңашылдыққа, білімділікке, біліктілікке баулу болып табылады.

Ұйымның міндеті:

Жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін және жауапты азаматтық ұстанымын, Республиканың мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстан халқының мәдени мұрасына, тіліне және дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;

Жастарды демократиялық, әлеуметтік әділ қоғам құру процестеріне тарту;Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жәрдемдесу;

Жастардың саяси экономикалық, әлеуметтік және өзге де құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтерге қатысу;

Жастар мәдениетін қалыптастыруға, жастардың білім, зияткерлік және кәсіби деңгейін арттыруға жәрдемдесу болып табылады.

Фотогалерея

  • Ұйым басшысы: Омыралды Айзада Серікжанқызы
  • Телефон:+7(778)497-83-77
  • shakarim_jastarruhy