25 march 2022

36 сағаттық онлайн курс

Қазіргі өзгермелі заман үддесінен шығу үшін барлық сала мамандары үнемі өз кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіріп, біліктіліктерін арттырып отырулары қажет екені анық. Кәсіби білімді жетілдірудің әртүрлі жолы белгілі. Соның бірі - арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өту. 

*ШҚО Үржар аудандық білім бөлімінің сұранысы бойынша Шәкәрім университетінің Кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен 24 наурыз бен 01 сәуір аралығында білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне 36 сағаттық онлайн форматта 2 курс  өтуде:

 

1. “Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу” курсына 39 тыңдаушы қатысып, білім алуда.

Курс спикері: Куребаева Гульнар Ахметовна, «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы.

2. "Жаңартылған білім беру мазмұны және критериалды бағалау" курсына 14 адам қатысуда.

Курс спикері: Едигенова Алма Жунусбековна, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Педагогика және психология» кафедрасының доценті.