05 may 2022

IELTS курсы өтуде

2022 жылдың 27 сәуірінде Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының базасында Шет тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен IELTS курсы басталды.  48 сағаттық курс офлайн форматта аптасына 3 рет өтеді, 4 айлық мерзімді қамтиды.

Курстың мақсаты – ағылшын тілінің грамматикасын тереңдетіп оқыту, сөздік қорды байыту арқылы тілдік деңгейін көтеру.

IELTS-қа дайындау курсын «Шет тілдер» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Аккалиева Айжан Файзрахмановна жүргізеді.

Курс тыңдаушысы – 6В01705 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 1 курс студенті Шаикова Анель Сайлаубайкызы.

Шет тілдер кафедрасы ағылшын, қытай, неміс, француз, түрік, қазақ және орыс тілдерінің барлық деңгейлері бойынша (A1-C2) тілдік курстар  ұйымдастырады.