26 may 2022

«Күміс университет» тыңдаушыларына арналған тренинг

2022 жылдың 26 мамырында Шәкәрім атындағы университетінің педагогика және психология кафедрасының оқытушылары Турсунгожинова Гульнар Сайлаухановна мен Жакпарова Гульнара Алдогаровна "ШҚО Семей қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» базасында Күміс университет тыңдаушыларына  тренинг өткізді.

 

Тренингтің негізгі мақсаты егде жастағы адамдарға психологиялық қолдау көрсету, олардың белсенділігін арттыру, өзара қарым-қатынасты нығайту болып табылады.

 

Тыңдаушылар мен орталық қызметкерлері тренингтің барлық ойын, қозғалыс жаттығуларына белсене қатысты.  Өмірге деген құлшыныстарын, ойларын ашық түрде жеткізіп, өзара пікір алмасты.

 

Кері байланыс барысында Күміс университет тыңдаушылары орталық мамандары мен Шәкәрім университетінің оқытушыларына өзара әрекеттестік, әлеуметтік-психологиялық қолдау мен жағымды эмоциялары үшін алғыстарын білдірді.