29 january 2025

«Патогендігі I және II топтағы инфекциялардың биологиялық қауіпсіздігі, эпизоотологиясы және микробиологиясы» тақырыбы бойынша курсы өтіп жатыр.

«Биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың үлгілік бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 29 бұйырығында енгізілген өзгерістерге сәйкес Семей қаласының  Шәкәрім атындағы университеті Абай облысының барлық ветеринария қызметіне қолдау ретінде курстар жүргізуді 2023 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап, осы уақытқа дейін өз жалғасын табуда.

Кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастрыуымен Абай облысы ветеринария басқармасының тапсырысы негізінде   ветеринария кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамының жүргізуімен «Патогендігі I және II топтағы инфекциялардың биологиялық қауіпсіздігі, эпизоотологиясы және микробиологиясы» тақырыбы бойынша курстар  өтіп жатыр.

Аталмыш курстың негізгі мақсаты теориялық білімді жетілдіре отырып, тыңдаушыларға ветеринариялық  жұмысты жүргізуде  кәсібилікті, қауіпсіздікті және тиімділікті арттыру үшін патогендігі I және II топтағы инфекциялардың биологиялық қауіпсіздігі, эпизоотологиясы және микробиологиясы бойынша қажетті білімді арттыру болып табылады.