25 january 2022

«Мектеп мұғалімдеріне арналған қысқы педагогикалық шеберлік мектебі -2022 пәндер бойынша оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу әдістемесі»

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университеті КеАҚ, Кадрлардың біліктіліктілігін арттыру және  қайта даярлау орталығы жалпы орта білім беру мекемелері, лицей, гимназия мұғалімдеріне арналған «Мектеп мұғалімдеріне арналған   қысқы педагогикалық шеберлік мектебі -2022 пәндер бойынша оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу әдістемесі»  атты (72 сағат) онлайн (ZOOM) білім жетілдіру курсы аяқталды.

Курс "Ауыл мектебі" бағдарламасы бойынша  ауылдық мектеп мұғалімдеріне арналған тегін біліктілікті арттыру курстарын өткізу жобасы аясында болды.

Соңғы кездері елімізде білім беру саласында қарқынды өзгерістер орын алуда. Соның ішінде, «Эксперттер пулы» жобасы белсенді қалыптасу сатысында. Сарапшылар барлық бағалау процедураларына базалық негіз болып табылады. Осыған орай, курсты өткізуге  келесі мектептердің «№23 ЖОББМ», «Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 ЖОББМ», «Т. Аманов атындағы №16 ЖОББМ», «№ 19 ЖОББМ»  эксперт - пән мұғалімдері мен физика-математика ғылымдары және информатика, шет тілдер филология кафедрасы, тарих және құқық, қазақ филологиясы және журналистика кафедраларының жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылары құрамы жүргізді.

Қазіргі кезеңде екі тенденция қарқын алуда: қайта біліктілікті арттыру – рескиллинг, яғни қызметкерлерді жаңа дағдыларға жүйелі түрде қайта даярлау және human resources адам ресурстарын икемді пайдалану. Заңнамалық деңгейде икемді жұмыспен қамту нысандарын дамыту және еңбек нарығында жобалық негізде жұмыс істеуге дайын бос мамандардың және әртүрлі жұмыс берушілердің болуы. Бүгінгі таңда бұл дарынды мамандарды тарту және ұстап мамандықта тұрақтату мүмкіндігін жақсартуда.

Курс тыңдаушылары көптеген өздеріне қажетті білім, іскерлік пен  дағдыларының жаңа моделіне көшкенін бірауыздан атады.